Ұлытаудағы мектепте бір құты бояуға екі миллион жұмсамақ болған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлытау облысындағы мектептердің бірінің мамандары екі миллионға жуық теңгеге бір құты бояу сатып алмақ болғанын анықтады.
Хабар 24 арнасының ақпаратына сәйкес, іске Антикор араласқан соң 18 құты бояудың бағасы 47 мың теңгеге түсірілген.
Жыл басынан бері Антикор қызметкерлері Қаражал қаласы әкімдігі тарапынан да заңбұзушылықты анықтаған. Әкімдік қызметкерлері 65 360 000 теңгеге үш қызметтік автокөлік алмақ болған, түптеп келгенде бір көліктің құны 11 290 000 теңге екені белгілі болды.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша 34 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, ол бойынша ақпаратқа мониторинг жүргізілді. «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесінің жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Агенттікке осы платформаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді», - деді облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі қызметкері Гүлнұр Сүлейменова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық