Ұлытауда суға кеткен 10 үйге кінәлілер сотталғалы жатыр
Фото: Elements.envato.com
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысының табиғи ресурстар басқармасы басшысына және Жезді өзенін «Санациялау» жобасы бойынша жұмысты тиісті деңгейде атқармаған мердігерлерге қатысты қызмет бабын асыра пайдалану ісі бойынша тергеуді аяқтады. Ұлытау облысының табиғи ресурстар басшысы мен мердігердің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу барысында құрылыс нормаларының өрескел бұзылғаны және жобалық құжаттамада ауытқулар болғаны анықталды. Бұл жағдай жобада көрсетілген су өткізу қабілетінің төмендеуіне әкелді.
Тергеу деректеріне сәйкес, табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған. Техникалық және авторлық қадағалау өкілдері де нысанға бармастан, орындалған жұмыс актілеріне қол қойып отырған.
Бұл лауазымды тұлғалардың әрекеттері биыл көктемде су тасқыны кезінде Жезді ауылындағы 10 жеке үйдің су астында қалуына себеп болды. Апат кезінде шұғыл түрде 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.
Тергеу материалдары сотқа жолданды.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады