Ұлытауда экологиялық талаптарды сақтамаған 11 әкімнің үстінен іс қозғалды
Фото: Midjourney нейрожелісі
Ұлытау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін 11 әкімге қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру нәтижесінде 66 кәсіпорын, оның ішінде жергілікті коммуналдық және жер қойнауын пайдаланушы компаниялар міндетті экологиялық бақылау есептерін ұсынбағаны анықталды. Бұл Экологиялық кодекстің 184-бабын бұзып, өңірдегі қоршаған орта жағдайын нақты бағалауға кедергі келтіреді.
Барлығы 125 құқық бұзушылық фактісі анықталып, Жаңаарқа ауданы ауылдық округі әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды.
Сонымен қатар, прокуратура экология департаменті, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшыларын Конституциялық «Прокуратура туралы» заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты. Жауапты тұлғалар 4,6 млн теңге айыппұл төледі. Ведомство экологиялық нормалардың сақталуын бақылау жұмыстарының жалғасатынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін су тасқыны кезінде 10 отбасының зардап шегуіне себепші болған Ұлытау облысы табиғи ресурстар басқармасының басшысы мен «Жезді өзені» жобасына жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады