Ұлытау облысында қарттар күніне орай зейнеткерлерге 20 мың теңге берілді
Фото: GOV.KZ
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігі зейнеткерлерге 20 мың теңгеден таратты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкімдіктің хабарлауынша, алда келе жатқан 1 қазан қарттар күніне орай зейнеткерлерге 20 мың теңге әлеуметтік көмек ретінде берілген.
Қалада 70-тен жоғары 3523 қарт өмір сүреді. Жалпы есеппен алғанда әлеуметтік көмекке 70 млн 460 мың теңге қаржы бөлінген.
Еске сала кетейік, осы жаздың шілде айында Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алған болатын. Жезқазған қаласының тұрғыны Әсел Айтмағамбетова өңірдегі әлеуметтік мәселелерді жариялай бастағаннан кейін жергілікті биліктің назарына ілікті. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспектің қызметіне қатысты сыни пікір білдіргені үшін оған әкімшілік іс қозғалып, сот ірі көлемде айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық