Ұлытау облыстық мәдениет басқармасының басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылды
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы сотталды.
Бұл қызметті Әнуар Омар 2022 жылдан бері атқарып келеді.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылдың 13 наурызында айтты.
Жезқазған қалалық сотында Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы мен тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы басшыларына пара алу ісіне қатысты сот үкімі шықты.
«Аталған шенеуніктер алдын ала сөз байласып, мердігер ұйым өкілінен облыс аумағындағы көне қорымдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу және жалпы патронаждықққа, мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша актілерге қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған. Сот үкімі бойынша, Қ. «Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкілі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Антикор сотталғандардың барлығы да өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылатынын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында сот отырысы ашық форматта өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық