Ұлытау әкімі Тоқаевқа марқұм шахтерлердің отбасына көрсетілген жәрдем жайлы айтты
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбековпен кездесіп, өңірдің экономикалық дамуы мен кеншілер отбасыларына көрсетіліп жатқан қолдау шараларын талқылады. Сонымен қатар, президентке марқұм шахтерлердің отбасына көрсетілген жәрдем жайлы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісі 8%-ға артты, құрылыс жұмыстарының көлемі 28%-ға, тұрғын үй құрылысы 30%-ға ұлғайды. Өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, оның 89%-ы жеке қаражат. Сондай-ақ 940 миллиард теңгенің инвестициялық қоры құрылып, 2025 жылы 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылмақ.
Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздік мәселелері де көтерілді. Дастан Рысбеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде болған қайғылы оқиғада қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көрсетіліп жатқан көмек туралы баяндады.
«Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты», деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өңір басшысына бірқатар стратегиялық міндеттер жүктеді:
- көлік-логистика әлеуетін дамыту;
- инфрақұрылымды жаңғырту;
- медицина сапасын жақсарту;
- халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету;
- экологиялық түйткілдерді шешу.
Алдағы жылдары Ұлытау қандай өзгерістерге ұшырайтыны осы бастамалардың қаншалықты тиімді жүзеге асатынына байланысты болмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық