Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
Фото: gov.kz
Алматыда Наурыз мерекесін атап өту шамамен он күнге созылады. Қаланың әр ауданында түрлі концерттер, театр қойылымдары, көрмелер, қайырымдылық акциялары және ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бағдарлама «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекелік шаралар бірден бірнеше алаңда өтеді. Негізгі орындар — Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер бөлігі және Панфилов көшесі.
Мерекелік іс-шаралар Алматының барлық ауданында ұйымдастырылады.
Мәселен, Алатау ауданында мерекелік шаралар Almaty Arena аумағында өтсе, Алмалы ауданында — Махатма Ганди атындағы саябақта ұйымдастырылады. Әуезов ауданында негізгі алаң Сайран көлінің батыс жағалауы болады, ал Бостандық ауданында шаралар Тұңғыш Президент саябағында өтеді.
Жетісу ауданы қонақтарды қалалық ипподромда қарсы алады, Медеу ауданында мерекелік думан Пушкин көшесіндегі жаяу жүргіншілер аллеясында ұйымдастырылады. Түрксіб ауданында мереке Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта, ал Наурызбай ауданында аудандық әкімдік алдындағы алаңда өтеді.
Мерекелік алаңдар ұлттық нақыштағы безендірулермен көркемделіп, киіз үйлер тігіліп, тақырыптық арт-нысандар орнатылады.
Көктөбеде концерт және аспалы жолмен жүру тегін. Мерекелік бағдарлама бүгін — 14 наурыз, Көрісу күні (Амал мерекесі) басталады. Бұл күні адамдар бір-бірін құттықтап, ізгі тілектер айтады.
Сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Көктөбеге аспалы жолмен көтерілу тегін болады.
Сағат 12:00-де мұнда «Көктөбедегі көрісу» атты концерт басталады. Көрермендер алдында Мадина Сәдуақасова, Айгүл Қосанова, «КешYou», «Тұмар», Made in KZ, «Алатау серілері» топтары, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар аудиодрондардың көмегімен ерекше құттықтау шоуы болады.
Қайырымдылық күні. 15 наурызда қалада қайырымдылық концерттері мен театр қойылымдары өтеді.
«Сенім» белсенді ұзақ өмір сүру орталығында және «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Интернаттардағы, балалар үйлеріндегі және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін Оқушылар сарайында Сац атындағы театрдың қойылымы көрсетіледі.
Сондай-ақ мектеп-интернаттар мен әлеуметтік мекемелерде театр қойылымдарының қайырымдылық көрсетілімдері және көмек акциялары өткізіледі. Қала аудандарында ардагерлер мен мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсету жоспарланған.
Мәдениет пен дәстүр күні. 16 наурыз қазақтың салт-дәстүрлеріне арналады. Наурызбай ауданында дәстүрлі рәсімдер көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді.
Мемлекеттік циркте ұлттық ойындар — аударыспақ пен асық ату ұйымдастырылады. Қаланың әртүрлі аудандарында халық қолөнері бойынша шеберлік сабақтары мен көрмелер өткізіледі.
Шаңырақ күні. 17 наурызда Алматыда отбасы құндылықтарына арналған кездесулер мен дөңгелек үстелдер өтеді. Олар әлеуметтік орталықтарда, кітапханаларда және қаланың қоғамдық кеңістіктерінде ұйымдастырылады.
Көпбалалы отбасылар үшін Оқушылар сарайында Сац атындағы театрдың спектаклі көрсетіледі.
Ұлттық киім күні. 18 наурыз дәстүрлі киімдерге арналады. Қалада этно-коллекциялар көрсетілімі, ұлттық образ байқаулары және фольклорлық кештер өтеді. Ұлттық киімдер мен әшекейлер көрмелері Арбатта және Оқушылар сарайында ұйымдастырылады.
Жаңару күні. 19 наурызда Алматының барлық ауданында экологиялық акция өтеді — қала тұрғындары ағаш отырғызады.
Ұлттық спорт күні. 20 наурыз спорттық жарыстарға арналады. Қалада қазақ күресі, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өтеді.
Сондай-ақ асық ату, тымақ ұру, ләңгі тебу, гир көтеру жарыстары ұйымдастырылады. Бұл жарыстарға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады.
Наурыз мерекесіне арналған негізгі халықтық мерекелік шаралар 21–23 наурыз күндері өтеді. Осы күндердің толық бағдарламасын әкімдік кейінірек жариялайды.
Бұған дейін Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылатыны хабарланған еді. Қосымша рейстердің арқасында жолаушылар үшін 35 мың қосымша орын ұсынылады.
Оқи отырыңыз:
- Наурыз көже: дәстүрлі дайындау әдісі
- Наурызға арналған тілектер мен баталар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды