Ұлының үйін әскерилерге салдырған: бұрынғы ТЖМ вице-министрінің апелляциялық соты
Фото: коллаж Orda.kz
Ұлының үйін әскерилерге салдырып, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы ТЖМ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың Астанада апелляциялық соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz
Экс-шенеунікке Қарағандыда жеке үй салу үшін әскери бөлімшедегі сарбаздарды жұмылдырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шыққан болатын. Orda.kz тілшісі сот материалдарын зерттеп, 52859 әскери бөлімшесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы ТЖД-ның өзге қызметкерлері Күлшімбаевтың құрылысшысына айналғанын анықтады.
Тергеуге негіз болған үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Үй сотталған шенеуніктің ұлы Ербол Күлшімбаевқа тиесілі, ал құрылысты оның бауыры Тимур басқарыпты.
Ал құрылысқа көмектескен әкесі Ибрагим Күлшімбаев ұлдарына қаржыны үнемдеу мақсатында вице-министр лауазымындағы мүмкіндіктерін барынша пайдаланған екен.
Ибрагим Күлшімбаев әскерилерді тегін жұмыс күші ретінде жұмсап қана қоймай, әртүрлі құрылысқа керекті техикаларды сатып алуға да қол астындағылардан ақша жинаған екен. Тіпті кейбір әскери қызметкерлер не үй, не жұмыс көрмей, құрылыс басында түнепті.
Істе қандай тың мәліметтер бар екенін Orda.kz тілшісінің зерттеуінен оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады