Ұлыбританияның ең бай адамдарының бірі жоғалып кетті
Фото: Getty Images
«Британдық Билл Гейтс» деген атпен танымал техномагнат Майк Линч Сицилия жағалауында мінген яхтасы апатқа ұшырап, жоғалып кетті.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Оның 56 метрлік Bayesian яхтасы 19 тамызда торнадоға тап болып, Палермо маңында батып кетті. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Ал 6 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарына қосылды. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Яхтада 22 адам болған, оның ішінде Линч пен оның жұбайы Ангела Бакарес те бар. 15 адам құтқарылды. Ал қалғандарының тағдыры әлі белгісіз. Яхта 50 метр тереңге батып кеткендіктен, құтқарушылар су астында да, бетінде де жұмыс істеп жатыр.
Линч жақында АҚШ-та Autonomy компаниясын Hewlett-Packard-қа $11 млрд-қа сатуына қатысты сот ісіндегі жеңісін атап өткен болатын. Ол Ұлыбританияның екі премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған және Британдық Империя орденімен марапатталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық