Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
Фото: Бейнеден кадр
Шахид Батт Ұлыбританияның Бирмингем қалалық кеңесіне өтетін сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде тіркелді. Ол бұрын британдық консулдықты, англикан шіркеуін және Йемендегі қонақ үйді жару жөніндегі қастандық үшін бес жылға сотталған, деп хабарлайды Orda.kz The Telegraph сайтына сілтеп.
Шахид Батт 1999 жылы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Йемен соты оны Финсбери-Парк мешітінен шыққан, өшпенділік уағыздаушысы ретінде танылған Абу Хамза тобының құрамында террористік әрекеттер жасау үшін Йеменге жіберілген деп таныды. Топ құрамында Хамзаның өз ұлы мен өгей ұлы да болған. 1998 жылдың желтоқсанында Йеменде батыс елдерінің туристері ұрланған. Бұл әрекеттің мақсаты — билікті Батт пен оның сыбайластарын босатуға мәжбүрлеу болған. Сол операция кезінде бірнеше кепілге алынған адам қаза тапты. Олардың ішінде үш британ азаматы да дабар.
Ал Хамзаның өзі 2015 жылдың қаңтарында Нью-Йорк соты тарапынан терроризм мен адам ұрлау бойынша 11 айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Исламистік шабуылдардан зардап шеккендер терроризм үшін сотталған адамның сайлауға қатысуына жол берілгенін сынға алып, бұл саяси жүйені мазаққа айналдырады деп мәлімдеді.
Батт жуырдағы сұхбатында жастық шағында «қателіктер жібергенін» мойындағанымен, терроризм айыптаулары бойынша өз кінәсін жоққа шығарады.
«Мен көптеген қателік жасадым, өткен өмірімдегі көп жайттарға өкінемін. Мұны өзгерту мүмкін емес, мен сонымен өмір сүруім керек. Дәл осы себептен мен жас ер адамдарға менің қателіктерімді қайталамауға көмектесуге бел будым», — деді ол.
Батт 2003 жылы түрмеден шыққаннан кейін өзін экстремизмге қарсы күресуші ретінде таныстырып, ішкі істер министрлігімен және дерадикализацияға арналған Prevent бағдарламасымен ынтымақтасқанын айтады.
Қазір 62 жастағы ер адам 7 мамырда өтетін сайлауда Бирмингем қалалық кеңесіндегі тәуелсіз кандидаттар альянсының атынан сайлауға түсіп отыр.
Айта кетейік, Трамп қатты аяз кезінде шабуылды тоқтату жөнінде Путинмен келісім болғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық