Ұлыбритания үкіметі корольдің дауға қалған інісіне қатысты бүкіл құжаттарды жариялайды

cover Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбритания үкіметі Эндрю Маунтбеттен-Виндзорға қатысты барлық құжаттарды жариялайды, деп хабарлайды Orda.kz Guardian басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның қауымдар палатасы либерал-демократиялық партияның Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды елдің сауда өкілі етіп тағайындауға қатысты құжаттарды жариялау жөніндегі өтінішін қабылдады.

Шешім дауыс берусіз қабылданды. Бұл үкіметтің оны орындауға міндетті екенін білдіреді.

«Мәртебеліге үкіметке сауда және инвестициялар жөніндегі арнайы өкіл қызметін құруды және Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды осы лауазымға тағайындауға қатысты барлық құжаттарды парламентке ұсыну туралы нұсқау беруін өтінеміз», деп жазылған өтініш хатта. 

Сонымен қатар либерал-демократиялық партия сауда және интеграция министрлігінде, британдық халықаралық сауда ұйымында, сыртқы істер министрлігінде, министрлер кабинетінде және премьер-министр кеңсесінде сақталған британдық халықаралық сауда ұйымының бас директоры Питер Мандельсон мен Эндрю Маунтбеттен-Виндзорға қатысты кез келген құжаттарды сұратып отыр. Либерал-демократиялық партия электрондық хабарламаларды да сұратқан.

Айта кетейік, 19 ақпанда Ұлыбританияда 66 жастағы бұрынғы ханзада Эндрю Маунтбеттен-Виндзор ұсталды. Араға үш күн салып Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон да қолға түсті. Оларға Джеффри Эпштейнмен байланысып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар