Ұлыбритания Украинаға үш миллиард доллар несие береді
Скриншот: Forbes Breaking News.
Украинаға 2,26 миллиард фунт стерлинг (шамамен үш миллиард АҚШ доллары) беру туралы келісімге Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко мен Ұлыбритания қазынасының канцлері Рэйчел Ривз қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Украинаның Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Онлайн режимде өткен қол қою рәсіміне қазір Лондонда жүрген Украина президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер қатысты.
«Несиеге қызмет көрсету және өтеу Ресей Федерациясының тыйым салынған активтерінен түсетін кіріс есебінен жүзеге асырылады. Қаржыландыру 30 жылға беріледі. Жиналған қаражат украиндықтардың қажеттілігіне сәйкес қорғаныс материалдарын сатып алуды қаржыландыруға жұмсалады», - деді ол.
Бұл туралы Украина Қаржы министрлігінің ресми мәлімдемесінде айтылған.
Берілген несие G7 елдерінің (үлкен жетілік) Украина үшін кірістерді төтенше жеделдету механизмінің (Extraordinary Revenue Acceleration for Ukraine) жалпы көлемі 50 миллиард АҚШ долларын құрайтын бөлігі. Бұл механизм аясында Украина АҚШ-тан бір миллиард доллар, ЕО-дан үш миллиард еуро алды.
BBC агенттігінің хабарлауынша, Украина президентімен кездескеннен кейін Ұлыбритания премьер-министрі Дональд Трамппен, сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен. Әңгімелесулердің мазмұны берілмеді.
Жексенбі күні Владимир Зеленский Украина бойынша саммитке қатысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық