Ұлыбритания Әскери-теңіз күштерінің басшысы бағынышты адамымен көңіл қосамын деп қызметінен қуылды
Фото: Ашық дереккөзден
Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Бен Ки қарамағындағы адаммен қарым-қатынаста болғандықтан отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы 9 мамырда британиялық Financial Times газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазды.
«Жағдайды білетін адамдардың айтуынша, Ки өз әріптестеріне Әскери-теңіз күштерінің басшысы лауазымынан жазда кететін ниеті барын айтқан. Себебі оған ведомствода болып жатқан ішкі процестер ұнамаған. Алайда, оның қарамағындағы адаммен қарым-қатынасы ашылғаннан кейін, оған «жеке себептері бойынша» отставкаға кетуге тура келді» деп жазады басылым.
Оқиға фактісі бойынша қазіргі уақытта Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінде тергеу жүріп жатыр.
Адмиралдың міндетін уақытша екінші теңіз лорд-вице-адмиралы Мартин Коннелл тұрақты ауыстыру жарияланғанша атқарады.
Бұған дейін Ұлыбританияда көшіп-қонушылардан ағылшын тілін жақсы білуді талап ете бастағаны хабарланған болатын. Үкіметтің пікірінше, мұндай жағдайлар елге келушілердің интеграциясын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті