«Ұлы ер адамға үйленген министрдің» кім екені анықталды
Ресейлік БАҚ пен telegram-арналарында екі ер адамның неке қию рәсімінде түсірілді деген видео тарады.
Бұл видеоны әртүрлі әлеуметтік желілерде жариялаған көптеген авторлар «Аты аталмаған Қазақстан министрінің ұлы әзірбайжандық олигархқа үйленді» деп жазба қалдырды.

Кейінірек, шын мәнінде ешқандай министр емес, бұл Қазақстандағы танымал медиамагнат Мирболат Күнбаев пен оның ұлы Айдар Күнбаев туралы екені айтылды.
Айдар Күнбаев ашық гей бола отырып, шын мәнінде бразилиялық азаматқа үйленді. Бірақ, гей-той 2019 жылы болып өткен және ресейлік telegram-арналар таратқан видеоның бұл тойға еш қатысы жоқ.

Оның үстіне Ресейде кеңінен тараған видеоны әуелі осы араб республикасы азаматының елден тыс жерде алғаш рет жасаған гей тойына ашуланған Ливан сияқты елдегі интернет қолданушылары жариялаған.
Еске салсақ, Қазақстандағы танымал медиамагнат Мирболат Күнбаевтың ұлы Айдар Күнбаев Рафаэль Кастро де Мескита есімді азаматқа тұрмысқа шықты.
Мерекеде түсірілген видео жас жұбайлардың әлеуметтік желідегі аккаунттарында жарияланды. Бұл керемет тойдың өте мұқият дайындалғанын көрсетеді – ол Лондондағы Royal Café Hotel қонақүйінде ұйымдастырылды. Видеодан Мирболат Күнбаев пен оның әйелін көруге болады. Мерекелік бейнежазбадан күйеу жігіт пен «қалыңдықтың», оркестрдің, діни қызметкердің бейнелері, тойға арналған торт, сондай-ақ жастардың алғашқы биін көруге болады.
Мирболат Күнбаев – Қазақстандағы танымал журналист және медиа менеджер. 1991 жылы Ақтөбеде «РИКА» телеарнасын құрып, оны 2002 жылы Наталья Бандровскаяға сатты. Кейінірек ол Астанада «Эра» телеарнасын құрды. Ол да жаңа иелеріне сатылды.
Күнбаев «Эра» телеарнасының бас директоры болған уақытта сол кездегі ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты сотқа бермекші болған. Министр баспасөз беттерінде Күнбаевқа қауіп төніп тұрғанын айтты. Алайда іс сотқа дейін жеткен жоқ. Ертісбаев арна журналистерінен кешірім сұрады.
Біраз уақыт Мирболат бас редакторлар клубының вице-президенті болды. Бірнеше жыл бұрын Күнбаев отбасымен шетелге көшіп кеткен.
Мирболат Күнбаевтың күйеу баласы Рафаэль Кастро де Мескита оның Лондондағы сұлулық салонында стилист болып жұмыс істейтіні белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық