Ұлы ағартушы Абай мен балық инспекторы Сыздықовтың қандай айырмашылығы бар?
Фото: Orda.kz
Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев ауылына барар жолда қазір Абай Құнанбайұлының әдемі баннері ілініп тұр. Осыдан бірнеше апта бұрын ол баннердің орнына зейнетке шығып бара жатқан балық инспекторының суреті тұрған. Сол кезде «әділетті Қазақстан құру жолында аз да болса қызмет қылдым» деген балық инспекторының сөздері жазылған баннер ілінген болатын.
«Билборд, кітап және ұран. Жетісу облысында балық инспекторының жеке мерекесі мемлекеттік мерекеге айналды» атты материалымызда Мұқан Төлебаев ауылында балық инспекторы Арғынғазы Сыздықовты зейнеткерлікке шығарып салу, заңсыз орнатылған билборд туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Сыздықовқа осындай ауқымды іс-шараны өткізуге кім рұқсат бергенін білу үшін және мәдениет үйінің жалдау ақысы мен коммуналдық шығындарды, рұқсат берген құжаттарын көрсетуі үшін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевқа сауал жолдадық. Қайткенмен де бұл нысан мемлекеттің құзырында тұр емес пе?!
Редакция бильборд кімнің бастамасымен орнатылғаны туралы және рұқсат қағаздары мен төлем құжаттары туралы сауалнамаға қосқан болатын. Өйткені баннерде заң талап ететін бірде-бір міндетті реквизит көрсетілмеген.
Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, оған әкімдік емес, қоғамдық кеңес пен ауыл ақсақалдары жауапты. Иә, көріп тұрғанымыздай «тәуелсіз орган» болудың түрлі керемет шешімі бар болып шықты. Бәлкім, шеруге де сол ақсақалдардың рұқсатымен шығатын шығар?! Ал жай ғана жанынан өтіп бара жатқан облыс әкімін шайға шақырыпты-мыс. Осылайша «облыс әкімі аяқ астынан ресми мерекеге тап болған».
Әкімдік тарапынан заң бұзушылықтар мен өкілеттіктерді асыра пайдалану анықталған жоқ, тексеруге де негіз жоқ.



Сондай-ақ әкімдік баннердің кітап авторының құрметіне арнап қойылғанын мәлімдеді.
Orda.kz тілшілері сол ауылға қайта барып, Абайдың суреті бар баннердің бар-жоғын тексерді. Абайдың сөздері баннерге, биік жерлерге, төрге жазып қоюға тұрарлық сөздер. Қайткенмен философ, ақын, ағартушы Абай — қазақ руханиятының символы болды. Оның сөзі ұлттық кодқа айналды. Абайдың қарасөздері елдің жадында, талай кітапқа өшпестей болып жазылды. Ал оның орнында бұрын суретін іліп қойған Сыздықов деген кім? Жай ғана зейнетке шыққан балық инспекторы.

Ұлт ағарту эстафетасын Сыздықов Абайдың өзіне тапсырған секілді көріне ме? Сонда Исабаев мырза, сіздің қарамағыңыздағы территорияда қоғамдық кеңес қарсы болмаса кез келген адам Абай «бола» ала ма?
Еске сала кетейік, Қорғас ісі бойынша сотталғандар ақтауды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық