«Ұлты бір екі ел неге араз?»: Оңтүстік Кореяның президент сарайына қоқыс шары түсті
Коллаж Orda.kz
Бүгін ғана Солтүстік Корея ұшырған қоқысқа толы шар Оңтүстік Корея президенті сарайының аумағына түскенін оңтүстік Корея президентінің күзет қызметі хабарлады.
Әлемдегі соғыс ахуалына қарасақ, бұл екі елдің араздығы да жаңа соғыс отын тұтандырып жіберу қауіпі бар. Ұлты бір екі мемлекет неге жауласты? Қазіргі таңда Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның қарым-қатынасы қалай? Orda.kz осы мәселені жан-жақты саралап көрді.
Ақпараттық соғыс
Солтүстік Корея биыл мамыр айынан бастап Оңтүстік Кореяға мыңдаған осындай қоқысқа толы шарларды жіберіп келеді. Бұл әрекет солтүстікке қарсы бағытталған үгіт-насихат парақшаларын таратып жатқан оңтүстіккореялық белсенділерге наразылық ретінде жасалып жатыр.
«Химиялық, биологиялық және радиологиялық жауап тобының тергеуі көрсеткендей, бұл заттар қауіпсіз.Айналаны ластамайды. Сондықтан оларды жай ғана алып тастадық», — деп мәлімдеді Оңтүстік Корея президентінің күзеті.
Ал Солтүстік Кореяның ақпараттық сайттарына шолу жасасақ, олар Оңтүстік Кореяны кінәлайды. Мысалы, солтүстіктің Nknews сайты оңтүстіктің белсенділері туралы жазды. Оңтүстік кореялық белсенділер тобы маусымның 6-сы Солтүстік Корея билігін сынайтын 200 000 үн-парақ, K-Pop және басқа да атақты жұлдыздарының әні жазылған 5 000 USB флэш-дискілерін қосып шар ұшырды.
Оларға жауап ретінде Солтүстік Корея оңтүстікке қоқыс қаптары байланған шарларды ұшырып жатыр.
Артынша осы оқиғадан кейін Қоқыс шарларына «жауап» ретінде Оңтүстік Корея билігі шекарадан дауыс үдеткішпен ақпарат тарататынын мәлімдеген болатын. Ким Чен Ынның әпкесі, КХДР Еңбек партиясының орынбасары Ким Ё Чжон қауіпті шараларды доғаруды ескертіп, олардың жағдайды одан ары «ушықтыратынын» айтты.
Қоқыс шарының тарихы
Солтүстік және Оңтүстік Корея бір-біріне жау болуының себебі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Корей түбегінің бөлінуіне қатысты болды. 1945 жылы Жапонияның жеңілісінен кейін Корей түбегі 38-ші параллель бойынша бөлінді. Солтүстігін кеңестік әскерлер, ал оңтүстігін американдық әскерлер басып алды. Солай 1948 жылы екі бөлек мемлекет құрылды. Солтүстікте коммунистік КХДР және оңтүстікте демократиялық Корея Республикасы. 1950 жылы Корей соғысы басталып, 1953 жылы бейбіт келісім жасалмай, тек уақытша бітіммен аяқталды. Бұл жағдай екі елдің арасындағы қақтығыс пен араздықтың әлі күнге дейін сақталуына себеп болды.
Қоқыс шарын ұшыру сол 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы кезінде басталды. Жарты ғасыр бойы екі мемлекет те шар ұшырып, түрлі шаралар ұйымдастырды. Бірақ 2000 жылы өткен бірінші корей саммитінде Сеул мен Пхеньян бұдан былай бір-біріне қарсы үгіт-насихат жүргізбеуге келіскен болатын.
Алайда «Әуедегі қақтығыс» қазір тыйылмай тұр. Маусымның 10-11-і күндері Сеул қаласының маңайына шарлардың құлағаны жайлы 100 оқиға тіркелген болатын. Yonhap ақпараттық агенттігі тұрғындардың заттарына «қоқыс шарларынан» зақым келсе, жөндеу жұмыстарына өтемақы төленетінін хабарлаған болатын. Ал бүгін міне Оңтүстік Корея президент сарайының аумағына қоқыс шары түсті. Бұл оқиға екі елдің араздығын одан әрі арттыратыны анық.
Жаңалықтар
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты