Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері өз анасын танымай қалды
Астанадағы Ұлттық ұланның қатардағы сарбазы ауруханаға түсті.
Анасының айтуынша, ұлы қызметке он екі мүшесі сау болып кеткен. Қазір ол туған анасын танымайды, деп хабарлайды КТК .
- Ол мені әлі танымайды. Маған сенбейді, ашылмайды. Ол тұйықталып қалған, артық ештеңе айтпайды. Мен баланы маған осындай күйде қайтарғаны үшін шағымданғым келеді. Мен ұлымды ауруханада жатуға емес, Отан алдындағы борышын өтеуге жібердім. Ол мүгедек болып қалған, ештеңе түсінбейді, – дейді сарбаздың анасы Дина Жүсіпова.
Жауынгер жексенбі күні кешке госпитальға жеткізіліп, оның жағдайын сол күні ата-анасы білген. Дина Жүсіпова елордаға бір күннен кейін таңертең келген. Алайда, ол ұлын кешке ғана көрген. Оның айтуынша, дәрігерлердің ешқайсысы оған нақты не болып жатқанын айта алмаған.
Әскери бөлімде сарбаздың әскер асханасында кешкі астан кейін баспалдақпен көтеріліп бара жатып есін жоғалтқаны айтылған. Бұрынғы әскерлер мен командирлер дедовщина фактілерін жоққа шығарады. Қатардағы жауынгер ауырып қалған соң жедел жәрдем шақырылған.
Госпитальдағы бөлімше командирі орынбасарының айтуынша, әскерге шақырылушыға алдын ала «құрысу синдромы» диагнозы қойылған.
- Физикалық тексеру жүргізілді - жарақаттар анықталған жоқ. Олар сараптама алды, МРТ, КТ жүргізді - ешқандай ауытқулар табылмады. Бұл оқиға туралы әскери қызметшінің ата-анасымен бірлесіп әрекет ететін барлық жауапты органдарға дереу хабарланды. Қазір бөлімшенің ішінде де қызметтік тексеріс, тергеу амалдары жүргізілуде. Онда бұл әскери қызметкердің диагнозының қорытындысы шығарылады, - деді Ұлттық ұлан №5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары Айдарбек Жүсіпбеков.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық