Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді
Фото: Егемен
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.п. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті қамтамасыз етуге тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алуға тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша 15% болады» деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Реттеушінің айтуынша, шешім бұрынғы шешімдер мен коммуникациялармен белгіленген бағыт пен қарқынды сақтай отырып, мөлшерлеме траекториясын түзетеді.
«Мөлшерлемені көтеру инфляциялық қысымның өсуін көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша инфляцияның болжамдардан асып түсуі айтарлықтай елеулі болды. Шешімнің негізгі факторлары жоғары инфляциялық күтулер, күшті сұраныс, фискалдық серпін, неғұрлым тұрақты жеткізу тізбегіне қайта бағдарлану есебінен өндіріс шығындарының өсуі, сыртқы инфляцияның трансферінің жалғасуы, оның ішінде Ресей рублінің тұрақты айырбас бағамының сақталуы нәтижесінде болды».
Ақпаратқа сәйкес, «инфляциялық күтудің артуы бағалар мен тұтынушылардың мінез-құлқына қысым жасайды».
«Мұның барлығы 2023 жылы инфляцияны бақылауда ұстау үшін қатаң ақша шарттарын талап етеді. Базалық мөлшерлеменің ұлғаюының әсері шаруашылық жүргізуші субъектілердің жинақтау белсенділігін қолдап, ішкі валюта нарығындағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал ете отырып, бір жылдан екі жылға дейін арттырылады» деді Ұлттық банк.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық