Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды
Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелесті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті.
Төбелеске 20 немесе 40 шақты азамат қатысты деген деректер бар. Соның ішінде осында оқитын Тәжікстан азаматтары бар.
Ұлттық ұлан академиясы төбелес болғанын растады:
«Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында болған бірінші курс курсанттары арасындағы жанжал бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиға салдарынан бірнеше курсанттың денесі сырылып, кейбір жерлері іскен», деп мәлімдеді.
Еске ала кетсек, Петропавлдағы академия 1997 жылы Қазақстан ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери мектебі болып ашылған. 2022 жылы оқу орны Республикалық Ұлттық ұлан академиясы мәртебесін алды.
Бұл оқу орны – еліміздегі сегіз әскери мамандық бойынша офицер дайындайтын жалғыз әскери академия.
Академия тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, басқа елдердің де азаматтарын оқытады. Осылайша, үкіметаралық келісімдер бойынша 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Тәжікстан азаматтары да жыл сайын әскери оқу орнының базасында білім алып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық