Ұлттық спорт орталығының бас есепшісі 117 миллион теңге ұрлады
Фото: gov.kz
Маңғыстау облысындағы ұлттық спорт орталығының бас есепшісі 117 миллион теңге ұрлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша бас есепшісі 117 миллион теңгені ұрлап кеткен.
«Маңғыстау облысының прокуратурасы спорт мекемесінде бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеру барысында ұрлық фактісін анықтады. 2018-2023 жылдар аралығында облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 117 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (салақтық) және 189-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
«Сот үкімімен мекеме басшысы өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бас есепші бюджет қаражатын ұрлағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады прокуратура.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық