Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді
Фото: Ақорда
Ұлттық құрылтайдың құрамында өзгерістер болды.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Құрылтайдың жаңа мүшелері «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров және «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков.
Құрылтайдан Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының басшысы Арман Қашқынбеков, блогер Денис Кривошеев және «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы шықты.
Ақорда Ұлттық құрылтай құрамындағы өзгерістер ауыс-түйіс рәсімі аясында жүргізілгенін түсіндірді.
«Ұлттық Құрылтайға қатысу бізді көп нәрсеге міндеттейді. Сіз қанша қаласаңыз да, ресми мемлекеттің бір бөлігісіз және сынау немесе дауға түсу қиын әрі мүлдем дұрыс емес. Жылына бір рет көкейкесті мәселелер көтерілетін жиынға қатысып, оны қоғамдық алаңда заңдастыру – насыбай, құмар ойыны, тағы басқалары – әлеуметтік салмақ емес пе?
Үш жылдық мүшеліктен кейін, ротация аясында мен бүгіннен бастап ҰҚ мүшесі емеспін. Мен қайтадан тәуелсіз журналист, экономикалық бақылаушымын – енді мемлекетпен ешқандай байланысым жоқ», – деп түсіндірді Денис Кривошеев.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді