Ұлттық қауіпсіздік комитеті құзыретін кеңейту ұсынылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті міндетіне экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру де қосылмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ұсыныс «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынылған «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
1996 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» құжата түзету енгізу ұсынылды.
«ҰҚК туралы ереженің 13-тармағы 10) тармақшасында ҰҚК Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру міндеті белгіленген. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 41-бабына сәйкес мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік органның міндеттері, ал функциялары мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыруы болады. Осыған байланысты бұл функцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге біріктіру ұсынылады» делінген түзету негіздемесінде.
Сондай-ақ «Сыртқы барлау туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңдарға және басқа да құжаттарға түзетулер енгізу ұсынылып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық