Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары ауысты

cover Фото: gov.kz

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР  Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.  Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл лауазымға Ербол Адаев кірісті. 

Алексей Калайчиди ҚР президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Дәурен Ерғарин тағайындалды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар