Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстанның Ұлттық банкі қазақстандықтарға алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар өздерінің «сенім деректерін» растау үшін жалған құжаттарды көрсететіні белгілі болды. Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және халықпен қолма-қол есеп айырыспайтынын тағы да еске салды.
«Қаржы жымқыру мақсатында өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар азаматтарды шатастыруда. Оның үстіне бұл схемаға құқық қорғау немесе арнайы органдардың жалған қызметкерлері де тартылған. Оған дәлел ретінде «арнайы операция» немесе тергеу жүргіземіз деген желеумен қылмыскерлер тартылған. Өздерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын «растау» үшін құқық қорғау органдарының, Ұлттық Банктің жалған қызметкерлеріне қоңырауларды қайта бағыттау, жалған қызметтік куәлік көрсетіп, ұйғарым хаттар мен «қолма-қол ақшаны сақтандыру» және банктік аударымдарды жүзеге асыру деректемелерін жіберу жиілеген, деп хабарлады Ұлттық Банк.
Мұндай құжаттарда көбінесе несиелік қарыздың болуы немесе өтелуі, сондай-ақ ақша қозғалысы туралы толық ақпарат болады. Сонымен қатар, құжаттарға мемлекеттік органдардың «уәкілетті тұлғаларының» қолдары, аты-жөндері, мөрлері және басқа да растайтын деректер қойылады.
Осыған байланысты Ұлттық Банк құқық қорғау органдарының (Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті) қызметкерлерінен телефон шалған кезде әңгімелні үзіп, қандай да бір іс жүргізуге немесе алаяқтық «арнайы операция» әрекетін жасамауға кеңес береді.
«Егер сіз немесе сіз танитын адам алаяқтық схемаларға тап болса, құқық қорғау органдарына тиісті шағым түсіруді ұсынамыз. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады» деп толықтырды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді