Ұлттық Банк айналымға QORQYT ATA коллекциялық монеталарын шығарды
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық Банкі «Дала қазынасы» сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Монеталар ҚР ҰБ интернет-дүкені арқылы 2023 жылдың 4 қыркүйегінен бастап сатылады.
QORQYT ATA монеталары 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 24 грамм, диаметрі 37 мм, proof сапалы, номиналы 500 теңге, шығарылғаны 5000 (бес мың) дана.
Қорқыт ата – қобыздың бастауы, ертегіші, күйші, сазгер. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан, 8-9 ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында Қорқыт ата мемориалдық кешені бой көтерді. ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандары ретінде ресми тізіміне енгізілген және 2018 жылдың 28 қарашасынан бастап мемлекет қорғауында.
Қазақстан теңге сарайында өндірілген коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, қолдану және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық