Ұлтараздық тудырған павлодарлық төрт жылға сотталды
Павлодар қаласының № 2 Қылмыстық істер жөніндегі соты ұлтаралық араздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау фактісі бойынша істі қарады.
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында мас күйде болған қала тұрғыны WhatsApp мессенджер тобына ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған дауыстық хабарламаның үшеуін жолдаған.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденеді. Сотталушы өкініп, бас бостандығынан айырмауды өтінді.
«Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, кінәсін толық мойындауын және шын жүректен өкінуін, асырауында екі кішкентай баласының болуын ескере отырып, сотталушы төрт жылға бас бостандығынан айырылды», - деді сот.
Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық