ҰҚШҰ Қазақстан аумағында «Мызғымас бауырластық-2024» оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлады.
Фото: gov.kz
9-11 сәуірде ҰҚШҰ ұжымдық күштерімен 2024 жылға жоспарланған бірлескен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.
ҰҚШҰ біріккен штабы бастығының бірінші орынбасары Хасан Калоев бастаған шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей министрліктері мен басқа да ведомстволарының, сондай-ақ Хатшылық пен ҰҚШҰ Біріккен штабы өкілдері қатысты.
Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін, басқару органдары мен әскерлердің құрамын, сондай-ақ басшылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Биылғы жылы бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қырғызстанда ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы, «Іздеу-2024» барлау оқу-жаттығуы және ҰҚШҰ әскерлерін «Эшелон-2024» материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу-жаттығулары өтеді.
Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Тәжікстанда Орталық Азия өңірінің жедел әрекет ету күштері қолбасшылығының жедел кеңесі және Орталық Азия жедел күштерінің бөлімшелерімен бірлескен «Рубеж-2024» оқу-жаттығуы өтеді.
Барлық іс-шаралар ҰҚШҰ әскерлерінің мақсатты міндеттерін бірлесіп орындауға дайындығын сақтау бойынша жоспарға сәйкес өткізілетін болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық