Украинадан ағылған босқындарға байланысты Славакия төтенше жағдай жариялады
БҰҰ мәліметінше, 24 ақпаннан бері кем дегенде 100 000 украиналық үйлерін тастап кеткен.
Словакия билігі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы TASR агенттігі үкімет қаулысына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады РБК.
«Төтенше жағдай жариялаудың мақсаты - Словакияға шетелдіктердің жаппай ағылуына байланысты төтенше жағдайдың алдын алу және оның салдарын жою үшін қажетті шараларды қабылдау үшін жағдай жасау» делінген құжатта.
Төтенше жағдай биліктің өкілеттіктерін кеңейтеді. Атап айтқанда, олар азаматтар мен компаниялардан қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді сұрай алады. Мысалы, үй иелерінен мұқтаж адамдарға баспана беру сұралуы мүмкін.
Ресей әскери операция бастаған соң украиндықтар елден кете бастады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, 24 ақпаннан бері кем дегенде 100 000 азамат үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Босқындардың көпшілігі Польша мен Молдоваға кетті, деп 25 ақпанда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди мәлімдеді. Екі елдің билігі украиндарды қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеп, тиісті пункттерді орналастырып жатыр.
Еуроодақ та босқындарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейеннің айтуынша, ЕО «айлар бойы жақсылыққа үміттенгенімен, ең жаманға да дайын».
«Біз шекара қызметтерімен бірге Еуропалық Одақтың шекаралас елдерінде Украинадан келген босқындарды қабылдау жоспарын дайындадық... Біз оларды қарсы алуға және қабылдауға дайынбыз» деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық