Украинадағы соғысқа қатысқан 700-ден астам Қазақстан азаматы сотталды
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанда Украина аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту процесі күрт күшейді. 2025 жылы шетелдік соғыстарға заңсыз қатысу дерегі бойынша 709 қылмыстық іс, ал жалдамалылық бабы бойынша тағы 28 іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz Медиазонаға сілтеме жасап.
Бұл Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Қазақстан соты айыпталушылардың қай тарапта немесе қандай құрылымда, мейлі ол жеке әскери компания немесе Ресей қорғаныс министрлігі болсын, қызмет еткеніне қарамастан заң алдында бірдей жауапқа тартылатынын нақтылады. Елдің Қылмыстық кодексіне сәйкес шетелдегі соғысқа қатысқандар 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал егер кісі өлтіру немесе аса қауіпті әрекеттер дәлелденсе, жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін ұласады.
Тергеу материалдары азаматтардың көбіне қаржылық қиындықтар немесе идеологиялық сенімдеріне байланысты соғысқа аттанатынын айғақтайды.
«Сот материалдары қазақстандықтардың әскери қызметке жегілу жолдарын айғақтады. Мәселен, Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүріп, хабарландыру арқылы келісімшартқа отырғандар кейіннен майдан шебіне аттанған. Енді бір азаматтар нәпақа табу мақсатында әскери қызметке өз еркімен жазылса, кейбір жағдайларда адамдарды күштеп немесе алдау-арбау арқылы соғысқа тартқан деректер дк тіркелген» деп хабарлады «Медиазона» басылымы.
Сонымен қатар «Хочу жить» қоры Украинада қаза тапқан 270-ке жуық қазақстандықтың тізімін жариялады. Мәліметтерге қарағанда шығынның басым бөлігі 2025 жылы Торецк және Покровск бағыттарындағы ұрыстарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми ұстанымын білдіріп, мемлекет әрбір азаматтың жеке шешіміне жауапты емес екенін ескертті.
Сыртқы саясат ведомствосы шетелдік қақтығыстарға қатысудың қылмыстық жауапкершілік екенін тағы да еске салып, тек көмек сұрап ресми түрде өтініш білдіргендерге ғана дипломатиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық