Украинадағы «Мызғымас киіз үйде» су тасқынынан зардап шеккен қазақ халқын қолдау мақсатында флешмоб өтті
Фото: Сергей Нагорняктың баспасөз қызметі
Украина халқы бауырлас Қазақстан халқына жанашырлық танытып, елдегі зардап шеккен су тасқынына байланысты қолдау білдіруде.
Бұл туралы Украина халық депутаты, Қазақстанмен достық парламентаралық тобының жетекшісі, «Мызғымымас киіз үй» жобасының тең құрылтайшысы Сергей Нагорняк айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

«Табиғи апат ауыр зардаптарға әкелді. Біз апат пен оның зардаптарын еңсерулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Осы қиын кезеңде қазақ халқы бірлігі мен ержүректілігін көрсетті» деп атап өтті Сергей Нагорняк.

Сондай-ақ «Мызғымас киіз үйде» қазақ елін қолдау мақсатында флешмоб өтті. «Мызғымас киіз үйге» жиналған Киев лицейінің оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қазақ халқына: «Достар, Алла күш-қуат берсін!», «Украина сіздермен», «Біз Қазақстан халқымен біргеміз», «Алға Қазақстан» сияқты қазақ тіліндегі ұран сөздерді қолдарына ұстап алған.
Қазақ халқын қолдауға арналған флешмоб әлеуметтік желілердің украин сегментінде де жалғасын табады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық