Украинада Зеленскийді өлтірмекші болған Қадыров полкі жойылды
Фото: kremlin.ru
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов президент Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған Қадыровшылардың жойылғандығын айтты.
UNIAN хабарлауынша, бұл телемарафон кезінде айтылған.
«Бүгін бізде президентімізді өлтірмекші болған Қадыровшылар тікелей жүргізетін арнайы операция толық белгілі. Ал бүгінде бұл қанды соғысқа қатысуға құлқы жоқ ФСБ өкілдерінен ақпарат алдық деп айта аламын. Осының арқасында президентімізді өлтірмекші болған Қадыровтың элиталық тобы жойылды деп айта аламын» деді Данилов.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының айтуынша, Қадыровшылар екі топқа бөлінген.
«Біз оларды қадағаладық. Бір топ Гостомельде талқандалды, енді бірі оқ астында қалды» деді Данилов.
Еске салсақ, 24 ақпанда Путин Донбасты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдаған. Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай енгізіліп жатқанын айтты. Кейін ол Украинаның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық