Украинада Z және V таңбаларын қолдануға заңды түрде тыйым салынды
Украинаның Жоғарғы Радасы ел аумағында «V» және «Z» таңбаларын қолдануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, сонымен қатар Ресей Федерациясын «террористік ел» деп таныды.
Бұл туралы «Халық қызметшісі» партиясы сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
«Халық депутаттары Украинаны ақпараттық кеңістікте қорғауды қамтамасыз ететін, ресейлік рәміздерді қолдануға тыйым салатын және Ресейді террористік мемлекет деп танитын №7214 заң жобасын қабылдады» делінген хабарламада.
Партия «Z» және «V» әріптері Ресейдің Украинаға әскери басып кіруінің символы ретінде танылғанын түсіндірді.
— Сонымен қатар, Ресей террористік мемлекет деп танылды, оның саяси режимінің мақсаттарының бірі украин халқына мемлекеттік геноцид, физикалық қырып-жою, украин азаматтарын қыру, бейбіт халыққа қарсы халықаралық қылмыс жасау, соғыстың тыйым салынған әдістерін қолдану, азаматтық объектілерді және маңызды инфрақұрылымды жою, Украинаның жекелеген аймақтарында жасанды апаттар жасау, - деді депутат Никита Потураев.
«Z» және «V» әріптері Украинамен соғысқа қатысқан ресейлік әскери техникаларда қолданылған. Ресейдің өзінде бұл белгілер «әскери операция» деп аталатын қолдаудың бейресми нышандарына айналды.
Қазақстан көліктеріне латын әрпі «Z» түріндегі жапсырмаларды жапсыру фактілері бірнеше рет тіркелген. Полицейлер мұндай адамдарды әкімшілік хаттама толтырып, жазалайды.
Мәселен, дәл осындай жағдайда Ақтау қаласы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық