Украинадағы соғыс Қазақстан экономикасына әсер ете ме
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Украинадағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер ететініне жауап берді.
ҰЭМ басшысының айтуынша, тәуекелдерді бағалау үшін уақыт қажет.
— Экономикаға қандай әсер ететінін айту әлі ерте. Бұл қақтығыстың қалай шешілетінін түсіну үшін уақыт қажет. Бәлкім, келіссөздер жүргізілсе, 2-3 күнде шешіліп қалар.Қақтығыс ұзаққа созылса, әрине, оның экономикамызға тигізетін әсері көп болады. Келісім ұзағырақ болса, оның салдары да соғұрлым көп болуы мүмкін, - деді Әлібек Қуантыров.
Үкімет пен ҚР Ұлттық банк экономикаға қысымды барынша азайту және ЖІӨ жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін дағдарысқа қарсы жоспар дайындайды.
— Өткен жылы болжам бойынша біз 3,1%-ға міндеттеме беріп, 4%-ға шықтық. Қазір біз де 3,9-4 пайызды жоспарлап отырмыз. Бірақ бірнеше күн бұрын болған оқиға басқаша әсер етуі мүмкін, - деді министр.
Бұл ретте министр мұнай бағасы 89 доллардан асатын болса, Ұлттық қорға шамамен 1-2 триллион теңге түсуі мүмкін екенін атап өтті.
Қуантыров тек «мүмкіндіктерді» көріп, ашылған бағытты пайдалануға шақырды.
— Мәселен, енді бір мүмкіндік – әуе кеңістігін айналып ұшатын шетелдік әуе компаниялары Қазақстан арқылы ұшатын болады. Біз ұшақ біздің әуе аумағын кесіп өткені үшін ақы аламыз, - деп түсіндірді министр.
Еске салсақ, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Донецк және Луганск халық республикаларын тану мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін айтты. ҰҚШҰ және Ресеймен жасалған әскери келісім аясында қазақстандық әскери қызметкерлерді Украинаға енгізу мүмкін емес.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдады.
Ресейдің Украинаға басып кіруі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО мүшелеріне тәуекелдерді бағалау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық