Украинадағы биолабораторияларда өлімге әкелетін қоздырғыштардың таралуына эксперименттер жүргізілді - Ресей қорғаныс министрлігі
Фото: Pixabay
Ресей Қорғаныс министрлігі Украина аумағындағы американдық биолабораторияларда қауіпті вирустармен олардың жасырын таралу механизмін құруға бағытталған эксперименттер жүргізілді деген болжам айтты.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Әсіресе, Америка Құрама Штаттарының Украина мен Ресей және басқа көрші елдер арасында қоныс аударатын жабайы құстардың ауру қоздырғыштарын тасымалдауын зерттеу жобасының Украина аумағында жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат қызықты болды» деді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.
Оның айтуынша, құжаттарға сәйкес, америкалық тарап 2022 жылы Украинада шошқаның африкалық обасы мен сібір жарасының таралу мүмкіндігін зерделеуге одан әрі көшіп, құстардың, жарғанаттардың және бауырымен жорғалаушылардың қоздырғыштары бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлаған.
«Осы және Украинадағы Пентагон қаржыландыратын басқа да биологиялық зерттеулердің мақсаты өлімге әкелетін қоздырғыштардың жасырын таралу механизмін жасау болды» деп қосты генерал.
Сондай-ақ, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі бұл зертханаларда жарқанат коронавирусымен тәжірибелер жүргізілгенін айтты.
Бұған дейін белгілі ресейлік вирусолог Геннадий Онищенко Украинада АҚШ-тың қамқорлығымен биологиялық қару жасап жатқан кем дегенде 15 зертханадан хабардар екенін айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық