Украинадағы қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды

cover

Харьковта қарттар үйінің бірі отқа оранды. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Өрт салдарынан 15 адам көз жұмды. 11 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.  

Анықталғандай, өрт ғимараттың екінші қабатында басталды. Шамамен 100 метр аумақты қамтыды.

Сонымен қатар, аталмыш қарттар үйі заңсыз жұмыс істеген. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Өрттің неден пайда болғаны әлі белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар