Украинада ДХР басшысы Денис Пушилин жараланды – БАҚ
Украинадағы Донецк облысы Лиман қаласында мойындалмаған «Донецк Халық Республикасының» президенті Денис Пушилиннің жараланғаны туралы ақпарат пайда болды.
Украин артиллериясы 50-ге жуық Қадыров полкінің сарбаздары мен 10-ға жуық техника жойды.
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Ресей Федерациясының жоғары лауазымды өкілдерінің бірі де жойылды. Бұл туралы «Риа Мелитополь» басылымы хабарлайды.
«Нақтыланбаған ақпарат бойынша, «ДХР» деп аталатын жердегі басты сайқымазақ Пушилин Донецк облысының Лиман қаласында жараланған. Ал қазіргі жарияланып жатқан оның қатысы бар видеолардың барлығы ескі жазбалар» деп атап өтті басылым.
Сондай-ақ, Пушилиннің Ресей басып алған украиндық Лиман қаласының «мэрін» тағайындау үшін келгені айтылады.
Сонымен бірге, Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша, қадыровшылардың шығыны бұдан да көп болуы мүмкін еді: ол 72 шешен жауынгері жараланған деп сендірді. Бұл ретте Геращенко олардың қаншасы қаза тауып, қаншасы жараланғанын нақтыламады.
Сондай-ақ, ішкі істер министрінің тағы бір кеңесшісі Виктор Андрусив Пушилиннің жарақат алу фактісін растады. Бірақ ол ДХР жетекшісінің жараланғаны туралы мәлімдемеден басқа мәлімет бермеді.
«Мен Пушилиннің Лиманда жараланғанын растаймын. Оның тек жараланғаны өкінішті» деп келтіреді TSN Андрусивтің сөзін.
Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Сондай-ақ Пушилиннің болжамды жарақаттарының сипаты мен ауырлығына қатысты да ақпарат жоқ.
Еске салайық, Пушилин Донбастың Ресейге кіруі мен «референдум» туралы айтып, оның шартын атаған болатын. ДХР жетекшісінің айтуынша, бұл Ресейдің Донецк пен Луганск облыстарының барлық аумағын басып алғаннан кейін болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық