Украинада 10 мыңнан аса тұрғын қаза тапқан — БҰҰ
Фото: Ашық дереккөзден
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей-Украина соғысының нәтижесінде соңғы екі жылда 10 мыңнан аса украиналық бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы DW-ге сілтеме жасай отырып.
БҰҰ-ның адам құқықтарын бақылау миссиясының құжатталған деректерінде Украинада 10 582 адамның қаза тауып, 19 875 азаматтың жарақат алғаны мәлімделген.
Қайтыс болғандардың басым бөлігі Украинаның шығыс облыстарынан. Алайда БҰҰ құрбандардың нақты саны одан да көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұл күнде халықтың 40 пайызға жуығы гуманитарлық көмекке зәру. Ал елдің 2,2 миллион азаматы көрші мемлекеттерге бас сауғалаған.
Еске сала кетейік, Ресей Украинаға қарсы өз әскери қимылдарын 2022 жылы 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні бастаған еді. Елдер арасындағы соғыс қазір де жалғасуда.
Жаңалықтар
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады
- 30 жыл бойы заң қабылдаған Сенаттың соңғы отырысы өтті
- АҚШ пен Иран келіссөзге келді: Дохада өтетін кездесуге дейін Ормуз бұғазындағы шиеленіс бәсеңдеуі мүмкін
- Соққыдан аударылды: Алма-Арасан шатқалында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
- Албанияда ұсталған қазақстандық экстрадицияланды: ҰБТ-ға «кепілдікпен түсіремін» деп 28 млн теңге алған
- Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді
- ӘЧ-2026: Месси, Мбаппе және Роналду плей-офф кезеңінде бақ сынайды, шешуші кезең басталды
- Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға тағы да уәде берді
- Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні