Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық Ресейде 12 жылға сотталды
Фото: Азаттық Радиосы
19 жастағы қазақстандық Туран Устюгов Ресейде 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Азаттық Азия мәліметіне зер салсақ, 25 маусымда Ростов-на-Дону қаласындағы Оңтүстік округтік әскери соты Устюговты «лаңкестік ұйымның қызметіне қатысқаны» және «терроризм мақсатында дайындықтан өткені» үшін кінәлі деп таныды.
Сот оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мемлекеттік айыптаушы Устюговқа 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Жігіт былтыр қазан айынан бері Ресейде қамауда отыр.
Тергеу мәліметінше, Устюгов Қырым арқылы Украинаға өтіп, Киев жағында соғысып жатқан «Орыс еріктілер корпусы», «Ресейдің еркіндігі» легионы немесе «Азов» бригадасына қосылмақ болған. Ресей бұл әскери бөлімдерді «лаңкестік ұйым» деп танып, тыйым салған.
Еске сала кетейік, елімізде түрмеде отырған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы қатты нашарлады. Тіпті отырудың өзі қиындаған. Ол соған қарамастан түрме қызметкерлері жұмысқа салып, көнбіс қылу үшін қысым көрсетіп жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық