Украина әскері Қадыров полкінің командир орынбасарының көзін жойды
Ахмат Қадыров атындағы арнайы полктің 4-ші батальоны командирінің орынбасары, подполковник Заур Димаев Украинада Камышеваха елді мекені үшін болған шайқастарда қаза тапты.
Бұл туралы Baza telegram-арнасы хабарлайды.
Арнаның хабарлауынша, арнайы полк сарбаздары пайдаланған «УАЗ Патриот» көлігі Камышевахта Украина әскерінің шабуылына ұшыраған. Бұл 31 мамыр күні болатын.
Шешенстандық екі полиция қызметкері қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі – 45 жастағы Заур Димаев. Соққының салдарынан 4-ші батальон командирінің орынбасары мен көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Тағы төрт сарбаз жараланды.
Еске салсақ, 25 мамыр күні Украина Қарулы Күштері Қадыров атындағы арнайы полктың екінші ротасының командирі, полиция капитаны Асвад Ыдырысовтың көзін жойды.
Оған дейін, Украина Қарулы күштері Киев облысындағы Гостомель маңындағы «қадыровтық» полкті артиллериямен шабуылдады.
Қадыров гвардиясының 141-ші мотоатқыштар полкінің бастығы Магомед Тушаевтың көзі жойылды. Гостомель маңында (Киев облысы) «қадыровтықтармен» шайқас кезінде Украина қарулы күштері шешен әскерилеріне ауыр соққы жасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық