Украина Ресейдің "Цезарь Куников" әскери кемесін батырып жібергенін мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден
Украина әскері бас штабының хабарынша, Ресей кемесі Украинаның теңіздегі аумағына кіріп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz порталы Azattyq-қа сілтеме жасай отырып.
Ресей қорғаныс министрлігі әзірге кеменің батып кеткені жайлы хабарға қатысты ештеңе демеді. Бұның алдында ведомство Қара теңізде алты дрон қағып түсіргенін хабарлаған болатын.
Соғыс уақытында екі елдің мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
Ресей кемесінің батып кеткенін алғаш болып Украина барлау қызметіне сілтеме жасап "Украинская правда" сайты хабарлады. Сайттың мәліметінше, кемені дрондармен атқылаған. Ал "Крымский ветер" телеграм-арнасы кеме батқан маңнан сурет жариялаған. Фотода жарылыстан соң будақтаған түтін мен құтқару қайықтары көрінеді.
"Два майора" телеграм-арнасы экипаж тірі деп хабарлады. Алайда "Крымский ветер" жариялаған фотода кеме маңында тікұшақ ұшып жүргені байқалады.
Еске сала кетейік 2023 жылы наурызда Украина қарулы күштері Ресейдің "Орск" әскери кемесін істен шығарған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық