Украина-Ресей: Александр Лукашенко мәлімдеме жасады
Беларусь бұдан былай Украинадағы арнайы операцияларға қатыспайды. Алдағы уақытта ондай жоспар жоқ екенін Қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен кездесуінде ел президенті Александр Лукашенко айтты.
Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын атап өтті: Қырым, Донецк, Лугансктен Киев, Чернигов, Харьков бағытында.
– Беларусь армиясы соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды, біз мұны кез келген адамға дәлелдей аламыз. Оның үстіне Ресей басшылығы бұл мәселені – біздің қарулы қақтығысқа қатысуымыз туралы ешқашан көтерген емес. Біз Украинадағы бұл арнайы операцияға қатысуды жалғастырмаймыз. Ондай қажеттілік жоқ. Біз мемлекеттік шекараны Бресттен жабамыз. Радикалдар еліне қару-жарақ енуіне жол бермеу үшін өз күштерімізбен Мозырьға барамыз, - деді Лукашенко.
Беларусь басшысының сөзіне қарағанда, елде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері де іске қосылған.
Айта кетейік, бұған дейін Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге уәде берген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық