Украина президенті әлем елдеріне үндеу жасады
Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдайға байланысты тағы бір мәлімдеме жасады. Ол соғысты тоқтатуды талап етті.
Бұған дейін Зеленский бүкіл елде әскери жағдай енгізілгенін мәлімдеген. Ол украиналықтарды сабырлы болуға және үйде болуға шақырды. Кейін Украина президенті Instagram парақшасында тағы бір үндеу жариялады.
– Мен АҚШ президенті Джозеф Байденмен, Германия канцлері Олаф Шольцпен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен, Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельмен және Польша президенті Анджей Дудамен сөйлестім, - деді үндеудің басында Владимир Зеленский.
Бұған қоса, ол соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.
– Мен Путинді дереу тоқтауға шақырамын! Украинаға және әлемге қарсы соғысты тоқтатыңыз! Біз Путинге қарсы коалиция құрып жатырмыз. Шұғыл санкциялар жарияланады. Украинаға қорғаныс және қаржылық қолдау керек. Әлем Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуі керек», - деп түйіндеді сөзін Украина президенті.
24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық