Украина парламенті Ресей вакциналарына тыйым салды
Украина парламенті, яғни жоғарғы Рада депутаттары Ресейде шығарылған коронавирусқа қарсы вакциналарға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады. Оған депутаттардың көбі қарсы дауыс берді.
Сонымен қатар жоғарғы Рада АҚШ, Еуропа одағы, Қытай, Үндістан және Мексикада шығарылған вакциналарды жеделдетіп тіркеу процедурасын мақұлдады.
Украинада жаппай коронавирус вакцинасын салу науқанын әлі бастаған жоқ. Үкімет ақпанда америкалық Pfizer мен германиялық BioNTech бірлесіп жасаған вакцинаның 100-200 мың дозасын алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Бұған дейін де Украина өкіметі Ресейде жасалған вакцинаны қолданбайтындарын айтқан.
«Ресей вакцинасын Украинада ешкім тіркемейді», - деді Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов 29 қаңтарда өткен арнайы брифингте.
2014 жылы Ресей Украинаның Қырым түбегін заңсыз аннесиялағалы бері Киев пен Мәскеу арақатынасы өте нашар. Оның үстіне Украина шығысындағы сепаратистерді Ресей қолдайды деген де сенім бар. Донбасс аймағындағы қарулы қақтығыс салдарынан 14 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Соңғы күндері Украинада коронавирус жұқтырған, аурухана жатқызылған және бұл дерттен көз жұмған науқастар саны азайған. Былтырдан бері Украинада 1,2 млн адам Covid-ке шалдығып, 22 мың адам көз жұмған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық