Украина мен Ресей екінші келіссөз өткізуге ниетті
Скриншот
28 ақпан Украина мен Ресей елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Беларусь мемлекетінде келіссөз өткізген. Кездесу 5 сағатқа созылып, ортақ шешімге келе алмаған. Енді екінші кездесу жоспарланып отыр.
Тараптардың қызығушылықтарын Ресей тарапынан президенттің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина тарапынан президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтып шықты.
Мәскеу келесідегідей талап қойды:
- Қырымды ресми мойындау;
- Әскерді кері қайтару;
- Украинаны ұлтшылдық идеологиядан тазарту;
- Украина шетелдік қарудан бас тарту керек.
«Ортақ мүддеміз бар деп болжанып отырған бірнеше мәселені анықтадық. Бастысы келіссөз барысын жалғастыру туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта Польша-Беларусь шекарасында кездесу өтеді» деді Владимир Мединский.
Киев Ресей тарапынан әскерилердің Қырым мен Донбастан шығарылуын талап етті.
Украина президенті тараптар ортақ шешімге келе алмағанын айтты. Өкілдер елдеріне қайтқан соң, айтылған дүниелерді талқылап, екінші кездесуге дайындалады.
«Екі тарап нақты шешімі бар тақырыптарды анықтады. Дұрыс шешім қабылдау үшін екі жақ өз астаналарына қайтады. Сонымен қатар келген делегациялар алдағы уақытта екінші келіссөзде аталған мәселелердің нақты саяси жалғасын табу мүмкіндігін де талқылады» деді Михаил Подоляк.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық