Украина мен Ресей бала алмасуға келісті
Фото: Mstyslav Chernov/AP
Ресей президенті жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова Украина мен Ресей соғыс салдарынан баспанасынан айырылған 48 баланы айырбастауға келіскенін айтты.
Бұл туралы DW хабарлады.
Львова-Белованың айтуынша, Катар медиациясымен жасалған келісімде 29 баланы Украинаға, 19 баланы Ресейге жеткізу көзделген.
Алайда ол олардың қандай балалар екенін және олардың отбасынан неліктен бөлінгенін нақтыламады. Балалар омбудсмені украин тарапымен алғаш рет көзбе-көз жүргізілген келіссөздер барысында алмасу үшін балалардың тізімдері келісілгенін ғана атап өтті.
Еске салайық, халықаралық Гаага соты өткен жылы 19 мыңнан астам украиндық баланы ұрлап, Ресей Федерациясына алып кетті деп айыпталған Львова-Белова мен Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген болатын. Украина билігінің мәліметінше, жаппай соғыс басталғалы 500-ге жуық бала ғана отанына қайтарылған. Кремль тағылған айыптарды жоққа шығарып, балалар қауіпсіздік мақсатында ұрыс аймақтарынан шығарылғанын айтады. Алайда Ресейден Украинаға оралған балалар күштеп берілген патриоттық тәрбие туралы айтты.
Өткен жылдың күзінде Америка Құрама Штаттарының Йель қоғамдық денсаулық мектебінің гуманитарлық зерттеу зертханасы (HRL) 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 30 қазанына дейін 6 мен 17 жас аралығындағы кем дегенде 2 442 бала туралы есеп жариялады. Баяндама авторлары Беларусь аумағында балаларды алып кеткен 13 орынды көрсетті. HRL мәліметтері бойынша, олардың кем дегенде сегізі балаларды «Беларусь және Ресей режимдерінің саяси мүдделеріне қызмет ететін мәдени, тарихи, әлеуметтік және патриоттық доктриналар немесе идеялармен» қайта тәрбиелеген. Ал кем дегенде алты топ әскери дайындықтан өтті, оның ішінде Беларусь ішкі әскерлерінің базасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық