Украина Мәскеуді Мариупольдегі балалар ауруханасын бомбалады деп айыптады
Коллаж Orda.kz
Ресей әскерлері мен сепаратистік «ДХР» содырларының қоршауында тұрған Украинаның Донецк облысындағы үлкен қала Мариупольде бомбалы шабуылдан балалар ауруханасы қиратылды.
Қала билігі мен Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді азаматтық нысанды бомбалады деп айыптады. Зеленский жариялаған видеода ғимараттың қирап жатқанын көруге болады.
Бомбадан зардап шеккендер туралы хабарланбады. Сондай-ақ, аурухана Ресей шабуылы басталғалы жұмыс істеп тұрғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Украина президенті Владимир Зеленский үйінділер астында адамдар бар деген болжам жасады.
«Ресей әскерлерінің перзентханаға тікелей соққысы. Үйінді астындағы адамдар. Үйінді астында қалған балалар. Бұл жауыздық!» Зеленский тағы да НАТО елдерін Украинаның үстінен «әуе кеңістігін жабуға», яғни ресейлік ұшақтар мен зымырандарды атып түсіруге шақырды (НАТО елдері Ресеймен тікелей қақтығысудан қорқып, мұны істеуден бас тартты).
«Украинская правда» газеті жарылыс ошағы перзентхана мен балалар бөлімшелерінің арасында болғанын нақтылады.
Ресей Қорғаныс министрлігі аурухананың бомбалануына қатысты пікір білдірмеді. Ведомствоның ресми хабарларына қарағанда, ресейлік әскерилер тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарға оқ атпайды. Сонымен қатар, үйлердің, мектептердің және басқа да әскери емес нысандардың қирау фактілері аз емес. БҰҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, 24 ақпанда Украинаға басып кіргелі бері кем дегенде 1424 бейбіт тұрғын қаза тапты, жараланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық