Украина мүфтиі Исмагилов Ресей мұсылмандарын көтеріліске шақырды
Украина мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі шейх Саид Исмагилов Ресейдегі мұсылмандарды соғысқа қатыспауға шақырды.
– Мен сіздерді, Ресей мұсылмандарын, бұл соғысқа барлық жағынан қатыспауға, Путиннің билігін қолдамауға шақырамын, - деді Исмагилов.
Исмагилов ресейлік мұсылмандарды ана тілдерінен, құқықтары мен бостандықтарынан айырылып жатқанын ұмытпауға шақырды.
– Мұсылман ретінде де, ұлт ретінде де жойылып жатырсыздар. Ресей – түрлі халықтардың түрмесі. Бұл жерде ресейліктер бізбен соғысып жатқанда, азаттық күресін бастаңыздар. Біз күресеміз, біз жеңеміз! Өз тағдырыңызды шешуге, еркіндікке, ұлттық, мәдени және діни болмысыңызды жаңғыртуға мүмкіндік бар. Біз, Украина мұсылмандары үшін дұға етіңіздер, - деп қосты ол.
Айта кетейік, Саид Исмагилов Донецк тумасы, ұлты татар. Саид Исмагилов діни қызметін 2002 жылы бастаған. Украиналық саяси бірлестігі партиясынан парламенттік сайлауға түсті. Ұзақ уақыт Донецк қаласында тұрған. Донбасты ресейлік әскерилер басып алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң Саид отбасымен Киевке көшті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық