«Украина қорғанады» - Зеленский Путиннің мәлімдемесіне қатаң жауап берді
Фото: ВВС
Украина президенті Владимир Зеленский 20 маусым, жұма күні Санкт-Петербург экономикалық форумында Владимир Путин жасаған мәлімдемелерге пікір білдірді, деп хабарады Orda.kz. «Обозреватель» басылымына сілтеме жасап.
Зеленскийдің түсіндіруінше, Путин «ашық түрде» бүкіл Украинаны алғысы келетінін айтқан.
«Путин кеше АҚШ үшін де спектакль қойды. Ол барлығын ашық айтты. Иә, ол бүкіл Украинаны алғысы келеді. Ол мұны төрт жыл немесе 2014 жылдан бастап емес, бұрыннан армандайды – өйткені оның санасын орыс империализмі қалыптастырған. Ол Украина туралы және орыс солдатының аяғы басқан жер туралы айтқанда, бұл тек Украинаға емес, сондай-ақ Беларуське, Балтық елдеріне, Молдоваға, Кавказға және Қазақстан сияқты елдерге де қатысты», – деді Зеленский 21 маусым, сенбі күні кешкі дәстүрлі видеоүндеуінде.
Ол сондай-ақ Украинаның «қорғанатынын», ал әлемдегі әрбір мемлекеттің өз ұстанымын анықтауы қажет екенін атап өтті.
«Әрине, Украина қорғанады… Әр ел өз таңдауы мен ұстанымын нақтылауы керек. Біз өз тарапымыздан Ресейдің ашық мәлімдемелерін ескере отырып, бірнеше жаңа шешім қабылдадық. Олар тоқтамаймыз деп ашық айтып отыр», – деді Зеленский.
Украина басшысы Ресейдің барлық бейбіт ұсыныстарды қабылдамай отырғанын да атап өтті.
«АҚШ, Қытай, Еуропа, Бразилия, Африка елдері, Үндістан ұсынған барлық бейбіт бастамаларды Кремль қабылдамады. Соғысты тоқтату керек деген кез келген үндеуге Путин құлақ аспайды. Ол бүкіл әлемге қай қалаларға қауіп төндіріп отырғанын және қай халықтың бар немесе жоқ болатынын өзі шешетінін ашық айтып отыр», – деді Зеленский.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамп бұл сөздерді естиді және назар аударады деген үміт білдірді.
«Путин тіпті Иран режимін де ұзартпақшы – сол арқылы өзінің ессіздігін және мыңдаған адамды өлтіруді жалғастыру үшін уақыт ұтып қалғысы келеді», – деді Зеленский.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Украинадағы Ресей армиясының алға жылжуы туралы сұраққа жауап бере отырып: «Орыс солдатының аяғы басқан жер – біздің жеріміз» деген еді. Сондай-ақ ол орыс пен украин халықтарын бір халық деп санайтынын айтып: «Бұл тұрғыдан алғанда бүкіл Украина – біздің жеріміз», – деген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық