Украина экс-президентінің ұлы мобилизациядан жалтарды деп айыпталды
Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың 39 жастағы ұлы Алексей аумақтық әскерге шақыру орталығына (әскери комиссариатқа ұқсас) келмегені үшін Украинада іздеуге жарияланған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Украиндық «Заң және бизнес» басылымының хабарлауынша, оған екі рет, яғни 4 қыркүйек пен 21 қазанда шақырту қағазы жіберілген, бірақ ол келмеген. Порошенконың үлкен ұлының запастағы лейтенант әскери шені бар.
Нәтижесінде Печерский аудандық әскери қызметі оны шақыру қағазы бойынша келмегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танып, 25,5 мың гривен (323 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ қаулыда айыппұл 15 күн ішінде төленбеген жағдайда екі есеге көбейтіліп, мәжбүрлі түрде өндірілетіні айтылған.
Бірқатар украиндық БАҚ Порошенконың ұлдары Алексей мен Михаил Лондонда жұмылдырудан жасырынып жүр деп мәлімдейді. Алайда басқалары Алексей Порошенко әйелі мен екі баласымен Украинадан кетіп қалған деп жазады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық