Украина Дунай-Қара теңіз арнасы арқылы қатынасты қалпына келтірді
wikimedia.org.
Ресей әскерлері Змейный аралынан шығарылғаннан кейін Дунай-Қара теңіз каналы бойынша қатынас қалпына келтірілді, деп хабарлады Украина теңіз порттарының әкімшілігі.
Енді Украина кемелері тауарларды, оның ішінде астықты еркін экспорттай алады. Eadaily жазғандай, Дунай-Қара теңіз кеме қатынасы арнасы Украинаның Одесса облысында орналасқан және Дунай биосфералық резерватының аумағы арқылы өтеді. Оның табиғи өзен арналары бойынша ұзындығы 172,36 шқ, жасанды теңіз жақындау арнасының ұзындығы 3,4 шқ. Жоба Румыниядағы кеме жүретін Сулина каналына балама болып табылады.
Украина билігінің айтуынша, Ресей әскерлерінің Змейный аралын басып алуына байланысты астықты экспорттау мүмкін болмады. Бұл Одесса маңындағы Қара теңіздегі ауданы 20,5 га болатын тасты арал. Ол Румынияның Сулина қаласы мен Украинаның Вилково қаласынан шамамен бірдей қашықтықта орналасқан. Ресей әскері әскери қақтығыс басталған күннің ертеңіне, яғни 25 ақпанда аралды бақылауға алды.
Енді, міне, төрт айдан кейін Ресей Змейнийден әскерін шығаратынын жариялап, мұны «ізгі ниет қадамы» деп бағалады. Ресей тарапы түсіндіргендей, осылайша олар Украинадан астық экспорттауға кедергі келтірмейтіндерін көрсетуді жөн көрді. Қазірдің өзінде 7 шілде күні таңертең Украина тарапы аралға Украинаның мемлекеттік туын орнатқанын хабарлады. Украина Қарулы Күштері Twitter-де аралдан ту ілінген кадрларды жариялады.
Бұған дейін Киев пен Батыс елдері Ресей тарапы астықты Украина аумағынан шығаруға рұқсат бермей отыр, бұл БҰҰ ескерткендей, азық-түлік дағдарысына әкелуі мүмкін деп мәлімдеген. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды және өз кезегінде Украина Қара теңіздің белгілі бір бөлігін миналағандықтан астықты сыртқа шығару мүмкін емес деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық